Еуропарламент басшысы лауазымына 4 үміткер бар

ce2eae27c4d60ac0bd5d6bbddb7e5957.png

Германия, Испания, Италия және Чехиядан төрт үміткер Еуропарламент төрағасы лауазымына үміткер. Бұл туралы ЕП баспасөз қызметі хабарлады.

Кандидаттар арасында екі әйел бар, бірі Жасыл - Еуропалық еркін альянс атынан неміс Ска Келлер болса, екіншісі солшыл саяси топ мүшесі испандық Сира Рего. Сондай-ақ екі ер адам бар. Бірі социалистік бағыттағы партия одағының өкілі социалистік және демократтық прогрессивті альянс мүшесі, итальяндық Давид Сассоли және еуропалық консерваторлар мен реформистер ұсынған чех Ян Заградил.

Басқа саяси бірлестіктерден үміткерлер туралы хабарланған жоқ.

Ұйымның баспасөз қызметінде хабарлағандай, ЕП басшысын сайлау сәрсенбі күні жасырын дауыс беру арқылы өтеді. Жеңіске жету үшін үміткер абсолюттік көпшілік дауыс алуы қажет болады. Егер бірінші турда бірде-бір үміткер тиісті дауыс алмаса, олар жаңа үміткерлермен тең екінші және үшінші турда қайта бағын сынау мүмкіндігіне ие болады.

Осыған дейін ЕуроОдақ саммитінде негізгі орындарға тағайындау мәселесі келісілген болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер