Шымкентте «Батырларға тағзым» шеруі өтті

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Ер есімі-ел есінде» салтанатты іс-шарасы өтті. Шара аясында қан майданда отанды қорғаған жауынгерлердің есімдері мен ерліктерін жаңғыртатын «Батырларға тағзым» шеруі жүрді. Шеруге майдангерлердің 1 мыңнан астам ұрпағы қатысты деп хабарлайды Baq.kz

Мерекелік шара Абай саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасын тапты. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін және барша тұрғындарды Жеңіс күнімен құттықтады. 

"Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бір-біріне ұласқан осынау қасиетті де қастерлі мерекелер қарсаңында ардагерлердің қайсарлықтарына, жанкешті ерліктеріне құрмет көрсете отырып, ыстық ықыласпен алғыс айтамыз! Жеңіс жалауының желбіреген күніне биыл 74 жыл толып, тарих қойнауына өшпес ерлікпен еніп барады. Бұл мереке – соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық ерліктің нәтижесі, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еліміздің өркендеуі мен бірліктің бұзылмас қамалы осынау мерекенің жемісі. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді. Біздің парызымыз – ардагерлердің ерлігін құрметтеп, әрдайым қамқорлық көрсету. Ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Бүгінгі буын Жеңіс сарбаздары алдында мәңгілік қарыздар. Ардақты ардагерлер! Бүгінгі бейбіт ғұмырымыз бен бақытты болашағымыз үшін Сіздерге алғысымызды білдіреміз! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!",-деді Ғабидолла Әбдірахымов. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер