Кішкентай қыз дәрі ішіп аузы күйіп қалды

Screenshot_2.jpg

Шымкенттік дәрігерлер сүйел кетіретін «Чистотел» дәрісінен уланған өзбекстандық кішкентай бүрдіршін қызды құтқарып қалды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Ауыр жағдайда жедел жәрдеи көлігімен Гипербариялық оттектеу орталығына жеткізілген сәби жан сақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, улы сұйықтық баланың аузын күйдіріп жіберген. Қазір оның жағдайы жақсарған, ол жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.  

«Уланған бала анасымен бірге ауруханада ем алып жатыр. Өзбекстанның кішкентай тұрғыны Шымкентке ата-анасымен бірге қонаққа келген", - дейді ведомствода. 

– Дәріханадан папилломаны кетіру үшін "Чистотетел" сұйықтығын сатып алғанбыз. Балам ойнап отырып, байқамай оны ішіп қойған. Қызымның жағдайын көріп, бірден жедел жәрдем шақырдым, – дейді анасы Сарбиназ Аронова.  

Қазір аузы күйген бейкүнә сәби тамақтана алатын жағдайда. Әрі қарай да дәрігерлердің бақылауында болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Елде жуғыш заттар өндірісі артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер