Аудан әкімдерін адалдыққа үйретті

55514046_341627876546236_1467561059136045056_n.JPG

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеуінше, елімізде 300-ден астам компания адал бизнес жүргізуге міндеттеме алған. Бұл туралы төрағаның халықты сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құруға шақырған мәлімдемесінде айтылды.

«Бизнесті және инвестицияларды қорғауға арналған жоба шеңберінде бізбен 300-ден астам компания жұмыс істейді. Олар парасыз – адал бизнесті жүргізуге өзіне міндеттеме алды.

Мемлекеттік қызметшілердің санасын трансформациялау мақсатында Мемлекеттік басқару академиясы ауыл және аудан әкімдерінің көпшілігін жобаларды басқару, тиімді коммуникациялар, этика және адалдыққа үйретті. Сондықтан, біз олардың жұмысының ашықтығы мен клиентке бағдарлануының нақты ұлғаюын күтеміз» дейді Шпекбаев.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Елде жуғыш заттар өндірісі артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер