Коррупцияны хабарламаған басшы қызметінен қуылды

56407483_344090119633345_4986501170034900992_o.jpg

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңесі кезекті отырысында 12 шенеуніктің мәселесін майшаммен қарады. Қорытындысында Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Норабаевты қызметінен босатуды ұсынды. Сонымен қатар, бір облыстық басқарма басшысы мен аудандық бөлім басшысын қызметіне лайық емес деп шешті. Қалған екеуіне сөгіс, жетеуіне ескерту берілді.

Атап айтсақ, қызметіен кеткен Б.Норабаев сыбайлас жемқорлық фактілерін біле тұра тиісті мемлекеттік органга хабарламаған болып шықты. Бөлім басшысы лауазымынан сол салғырттығы үшін шеттетілді. Ал, елді мекендерді газдандыру барысында заңнамаларды сақтамағаны үшін Сайрам ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлім басшысы Е.Сарыбековке және сотқа шағымдану кезінде жіберілген кемшіліктері бойынша шығарылған соттың жеке ұйғарымдарының негізінде Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасының басшысы М.Алибековке «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Ал, облыстағы төрт ауданның төрт бөлім басшысына қатысты істер тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуіне және деректер дәлелін таппауына байланысты тоқтатылды.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер