Үш жылда 1400-ге жуық медицина маманы жұмысқа орналасты

WhatsApp Image 2019-04-05 at 20.15.38.jpeg

Шымкент қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру институтының ұйымдастыруымен бітіруші түлектер арасында «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Іс-шараға Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті өкілі, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары мен 30-ға жуық медициналық ұйымның өкілдері қатысты.

Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс берушілер мен жоғарғы білім беру орындары арасында толық форматты әріптестікті нығайтып, бітіруші түлектерді болашақта жұмысқа орналастыру және «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Елімізде биыл 474 дәрігер интерн және 49 резидент дәрігер жоғары оқу орнын тәмамдамайды. Оның ішінде жалпы медицина 5+2 оқу бағдарламасы бойынша 52 дәрігер интерн – хирургия, 58 дәрігер интерн – терапия, 177 дәрігер интерн – жалпы тәжірибелік дәрігер, 32 дәрігер интерн – акушерия-гинекология, 45 дәрігер интерн педиатрия мамандықтарын игеріп шығады. Стоматология 5+1 бағдарламасы бойынша 110 дәрігер интерн стоматология мамандығына ие болады. Ал, резидентура мамандықтары бойынша 26 резидент дәрігер – невропатология, оның ішінде балалар невропатологиясы, 15 резидент дәрігер педиатрия мамандықтарының иесі атанады.

Мамандардың айтуынша, жетінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан жәрмеңкенің нәтижесі көңіл көншітерліктей. Статистикалық деректерге сүйенсек, соңғы үш жылда елімізде 1374 маман жұмысқа орналасқан. Оның 336-сы 2016 жылы, 533-і 2017 жылы, 505-і былтыр жұмысқа кіріскен. Пайызға шаққанда бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 78-ге жеткен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Жарты жылда 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алған https://kaz.inform.kz/news/zhar
  • Қырғызстаннан Алтайға қар барыстары жеткізілді
  • Марат Пашимов жаңа қызметке тағайындалды
  • Руслан Желдібай: «Бағанашыл» балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер