Ресей Қазақстан тарихының қайта жазылғанын қаламайды

20190403210751.jpg

Ресей Қазақстанның ішкі істеріне араласпайды. Бірақ, Қазақстан тарихының қайта жазылғанын қаламайды. Екі ел Президенттері осылай деп бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ашық, достық және сындарлы жағдайда өткен келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың негізгі мәселелерін, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі ынтымақтастықты, сондай-ақ өзара мүдделі өзекті өңірлік және халықаралық проблемаларды мұқият талқылады. Екі елдің саяси, сауда-экономикалық, қорғаныс және әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастығын тұрақты оң динамикасын қанағаттанғандықпен атап өтіп, 1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартта, 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияда және де 2013 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық шартында негізі қаланған принциптер мен міндеттемелерге бұлжымас бейілділігін растай отырып, Қазақстан Республикасы Президентімен Ресей Федерациясының Президенті мәлімдеме жасады. Онда Президенттердің екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты бұрынғыдай жалғастырып, одан әрі нығайтуға уағдаласқаны айтылады.

Соның ішінде «Қазақстан мен Ресей біздің одақтастық қатынастарымыздың, ең маңызды негізі болып табылатын ортақ тарихымызды, ең алдымен, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын бұрмалау, қайта жазу және «қаралау» әрекеттерін қош көрмейді» - делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыртуымен кеше Кремльге барды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер