Жаңа жылда уланып қалмау үшін...

Screenshot_2.jpg

«Жаңа жылды өз денсаулығыңызға зиян келтірмей қарсы алайық». Түркістан облысы және Шымкент қалалық денсаулық сақтау департаменттері жаңа жыл мерекесі қарсаңында улану оқиғаларының алдын алу мақсатында осындай тақырыппен арнайы брифинг ұйымдастырды. Мамандар тамақтан уланудан өзге, ойыншықтар, жаңа жылдық сыйлық, пиротехникалық заттар сатып алуда абай болу қажеттігін ескертті. Бүгінде ғаламтор арқылы тағамға тапсырыс беретіндер көбейген.  Олардың сапасына мән бермейтін тұрғындарға мамандар өкпелі. Сондықтан тағамды үй жағдайында дайындап, ал ойыншық пен пиротехниканы  арнайы дүкендерден сатып алу қажеттігі айтылды.   «Адамдар пайдалану мерзімі өтіп кеткен тағамдарды сатып алады. Себебі бағасы арзан.  Арзанға қызығып, ертеңгі күні уланып қалу қаупі бар екенін есермейдә. Осы жағына көңіл аудару қажет. Сертификаты бар тағамдарды сатып алу керек. Кез -келген дүкеннен тағам сатып алғанда тауардың құжатын сұрауға құқылы. Сатушы сатып алушының айтқанын көрсетуі тиіс заң бойынша»,- дейді Түркістан облыстық денсаулық сақтау депратаменті басшысының орынбасары Жұмағұл Медетов. Мереке қарсаңында уланудың тағы бір себебі асты сақтап жеу. Осы ретте мамандар салаттарды тоңазытқыштан бір тәуліктен көп ұстауға, ал майонез қосылғандарды алты сағаттан артық сақтамауға кеңес берді.

Жаңа жылдың тағы бір проблемасы жарылғыш заттар. «Базарға барсаңыз пиротехниканы сату 10 күн бұрын басталды. Олар да ойыншықтар секілді әр елден әкелінген тауарлар. Олардың да сертификатын талап етуіміз керек. Алайда ойыншықтар сияқты пиротехникаға Кеден одағы аясында арнайы регламент бекітілмеген. Дегенмен оны алған кезде сақ болу қажет. Арнайы нұсқамасы болуы керек»,- дейді Шымкент қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арапкүл Ізбасарова.

Айта кетейік, бүгінде аудан-аудандарда, мектептерде, халық көп шоғырланған орындарда мамандар арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер