"Пенсионерлердің бәріне ақша беріп жатыр екен". WhatsApp-тағы жазбаға сенуге бола ма?

Whatsapp.jpg

«Азаматтарға арналған үкімет» жалған ақпаратқа сенбеуді, ХҚО-ларға уақыт кетіріп келмеуді ескертеді, деп хабарлайды Алматы бөлімінің баспасөз қызметі. 

БЗЖҚ өткен айда ғана зейнетақы қоры өз салымшыларына инфляцияға байланысты 150 мың теңгеден тарату туралы ақпараттың шындыққа сай келмейтінін ескерткен болатын. Қор (БЖЗҚ) салымшыларын (тұтынушыларын) тағы да мұндай ресми емес ақпараттарға сенбеуге шақырды. Сондай-ақ, жалған ақпарат тарату заңдық тұрғыда қудаланатынын да ескерткен. Соңғы аптада мұндай жалған ақпараттар қайтадан әлеуметтік желіден тарала бастады. Оған сенген халық Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылуда. Ел ішінде негізінен үш түрлі дыбыстық  хабарлама таралуда. Оның ішінде  «Қыздар, сәлем! Кімнің аталары, енелері пенсионер? Аталары 63-тен асу керек, енелері 58-ден асу керек. Егер, сондай пенсионерлер болатын болса ЦОН-ға барып, өтініш жазады, жазғаннан кейін инфляцияға байланысты пенсионерлердің бәріне ақша беріп жатыр екен. Менің енем осы аптаның басында барып заявление жазып келді, бүгін 80 мың теңге түсті бізге. Соны айтып қояйын дегем. Ақша ешқашан артық болмайды ғой, ата-енелеріңді жіберіңдер ЦОН-ға» деген аудио бар. Бұл хабарламадан кейін өзін Райханмын деп таныстырған тағы бір әйел адам 150 мың теңге туралы ақпараттың «фейк» емес, рас екенін айтып, тағы бір дыбыстық хабарлама таратқан.  Үшінші хабарлама ер адамның даусымен таралды. «Саламатсыз ба? Бұл пенсионный фондтан берілетін ақша емес, бұл Гос.гарантия деп аталады... 

Бұл бір-ақ рет төленетін ақша, ол 150 мың емес, біреуге 50 мың, біреуге 100 мың, біреуге 10, біреуге 200 мың шығады. Ол кезінде қандай фондта болды, соған байланысты шығатын ақша» делінген аудио хабарламада. «WhatsApp арқылы таратылған осындай  ақпараттардан соң Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына зейнеткерлер ағылып келуде. Кезек күтушілер саны азаяр емес. Үлкен кісілер бұл ақпараттардың негізсіз, жалған екенін білмейтін болу керек. Осы және өзге де осыған қатысты ақпараттардың бәрі жалған. Азаматтарға инфляция да, басқасы да есептеліп, зейнетке шыға салғанда төленетін бірреттік төлемде беріледі. 

Одан бөлек ақшаның құнсыздануына байланысты ешқандай да өтемақы қарастырылмаған», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова. Корпорация өкілдері халыққа әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сенбей, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін айтады. Сонымен қатар құзырлы органдардың айтуынша, үлкен кісілерге уақыттарын кетіріп ХҚО-ларға келуінің қажеті жоқ.  





Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер