№7 арнайы мектеп-интернатының тыныс-тіршілігімен танысты

Screenshot_33.jpg

Түркістан қаласында “Ауыл” партиясы атынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Салыбек Қайрат Келесұлы №7 арнайы мектеп-интернатына арнайы барып, мекеме тыныс-тіршілігімен танысты.

Іс-сапар барысында ол білім ордасының директоры Оралбаева Сабира Абдугаппаровна және педагогикалық ұжыммен кездесіп, ерекше білімді қажет ететін балаларға көрсетіліп жатқан жағдайлар мен білім беру сапасы туралы пікір алмасты. Кездесу ашық форматта өтіп, ұстаздар өздерін толғандырған мәселелерді, ұсыныс-тілектерін ортаға салды.

Депутат өз кезегінде көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, оларды заң аясында жүйелі түрде шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Сонымен қатар, мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталып, әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту – басты міндеттердің бірі екенін айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер