Мемлекеттік сатып алуда «INGSCREEN IS-1886» талабы заңға қайшы деп танылды

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысының білім басқармасының "Дәуренбек Құрманбеков атындағы №20 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2025 жылдың желтоқсан айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жариялаған №15833091-1 мемлекеттік сатып алуы бойынша камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді.  

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Абай» Келес аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ҚР Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 12 бабы 5 тармағында «Осы баптың 1-тармағында көзделген, орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейді» делінген талаптарын сақтамай, Жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігінде негізсіз әлеуетті өнім берушілерге «INGSCREEN IS-1886»  болуы қажет делінген талабы қойылғандығы анықталған.

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысының білім басқармасының "Дәуренбек Құрманбеков атындағы №20 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

               Түркістан облысы облысы бойынша

        Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

                                жетекші маманы  А.Нүрмахан

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер