Түлкібас ауруханасында мемлекеттік сатып алуда заң бұзушылық анықталды

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Түлкібас аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" МКК 2026 жылдың қаңтар айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жариялаған №15920998-1 мемлекеттік сатып алуы бойынша камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді.  

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Түлкібас аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" МКК ҚР Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 12 бабы 5 тармағында «Осы баптың 1-тармағында көзделген, орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейді» делінген талаптарын сақтамай, Жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігінде негізсіз әлеуетті өнім берушілерге «Fairy, Mr Muscle, Tide»  болуы қажет делінген талабы қойылғандығы анықталған.

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Түлкібас аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" МКК-ға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

               Түркістан облысы облысы бойынша

        Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

                                жетекші маманы  А.Нүрмахан

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Бір оқушының тамақтануының орташа құны қанша
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер