
Жаңа Конституцияның жаңалықтары көп.
Конституциялық өзгерістер жастарды кәсіби дамуға, шыңдалуға, еңбекқор болуға бағыттайды. Қоғамдық сананың өзгеруіне, жаңа технологияларды меңгеруге ұмтылуға жетелейді.
Алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы бекітілді.
Неке ерікті және тең құқықты ер мен әйелдің одағы екені туралы норма енгізілген. Бұл дәстүрлі құндылықтарды қорғауды күшейтіп, әйелдердің құқықтарын жоғары құқықтық деңгейде қамтамасыз етеді.
Жаңа Конституция әлеуметтік мемлекет қағидаттарын күшейтіп отыр. Оның ішінде барлық азаматқа, соның ішінде жастарға да білім алу, еңбек ету және өзін-өзі дамыту салаларында мол мүмкіндік беруге бағытталған.
Ерекше атап өтерлік жайт - алғаш рет Конституцияның преамбуласында, яғни кіріспесінде білім мен ғылым, инновацияға қатысты норма көрсетілді. Бұл нені білдіреді? Білім мен ғылымның, инновацияның ел үшін айрықша маңызға ие екенін көрсетеді. Ата Заңда осы саланы қаржыландыру саясаты нақты әрі айқын көрсетілген. Ал ұсынылып отырған жаңа Ата заңның 3-ші бабында «Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды» деп атап көрсетілген.
"Әділетті және Прогресивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" Жалпыұлттық коалициясының мүшесі һәм "AMANAT" партиясынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде Төле би ауданында бүгін кезекті рет жалғасын тапқан кездесуде жаңа Конституциядағы осы өзгерістер туралы ойымызды ортаға салдық. "KAZ PLAST" кәсіпорнында тігіншілермен, Леңгірдегі Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен, "Мейір-Бейс" колледжінде жастармен жүздесуге "AMANAT" партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, партияның Төле би аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров, академик Бегайдар Тойлыбаев, облыстық мәслихаттағы әріптесім Ханай Әшірбеков, және коалиция мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Ғалымжан Елшібай,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты
