Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты

image.png

Ирандағы соғыс пен Ормуз бұғазының қауіпі әлемдік мұнай бағасын шамамен 20%-ға өсіріп, 2022 жылғы деңгейге жеткізді. 9 наурызда Brent маркалы мұнай бір мезетте барреліне 111,04 долларға жетсе, WTI 106,17 долларға көтерілді, деп хабарлайды Reuters.

Нарықтағы басты алаңдаушылық – Ормуз бұғазының ұзақ уақытқа жабылуы. Бұл бұғаз арқылы әлемдік мұнайдың шамамен 20%-ы тасымалданады, сондай-ақ Катардан сұйытылған табиғи газ жеткізіледі.

6 наурызда АҚШ ресейлік мұнайға салынған санкцияларды жеңілдетіп, Үндістандағы зауыттарға жеткізуді 30 күнге босатты. Ал 7 наурызда Израиль алғаш рет Иранның мұнай инфрақұрылымына әуеден соққы жасап, бес энергетикалық нысанды нысанаға алды.

Ислам революциясы сақшылар корпусы Парсы шығанағы елдеріндегі мұнай нысандарына соққы беруі мүмкін екенін ескертті. The Guardian дерегінше, ұйым өкілі: «Егер барреліне 200 доллардан асатын бағаға төзе алсаңыздар, осы ойынды жалғастырыңыздар»,- деді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жолдағы балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер