Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады

image.png

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қырғызстанның тұрақты халқының саны 7 млн 395 мың адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2025 жылдың қаңтар–қараша айлары аралығында республика халқы 112,8 мың адамға, яғни 1,5 пайызға артқан. Халық санының өсуі негізінен табиғи өсім есебінен қамтамасыз етілген.

«Қызмат» мемлекеттік мекемесінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында АХАЖ органдарында 127,8 мың нәресте тіркелген, бұл 1 000 адамға шаққанда 19,0 көрсеткішті құрайды (2024 жылдың осы кезеңінде – 19,9). Осы кезеңде 29,3 мың адам қайтыс болған, бұл 1 000 адамға шаққанда 4,4 көрсеткішке тең (2024 жылы – 4,5).

Нәтижесінде халықтың табиғи өсімі 98,5 мың адамды, яғни 1 000 адамға шаққанда 19,0 көрсеткішті құрады (2024 жылдың қаңтар–қарашасында – 19,9).

2025 жылдың қаңтар–қараша айларында табиғи өсімнің ең жоғары деңгейі Баткен, Ош және Жалал-Абад облыстарында тіркелген. Ал ең төмен көрсеткіш Бішкек қаласында байқалған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер