2040 жылға қарай ғылым қайда барады?

А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада «Халық институты» жобасы аясында «Келешек картасы: 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?» тақырыбында мазмұнды талқы өтті.

Screenshot_51.jpg

Талқыға Мардан Сапарбаев атындағы “Парасат” колледжінен  белсенді студенттер қатысты. Спикер ретінде колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мадина Жұмабекова қатысып, гуманитарлық білімнің болашағы, ғылым мен қоғамның өзара байланысы, білім беру үдерісіндегі жаңа бағыттар жөнінде ой бөлісті.

Кездесу барысында ғылымның даму траекториясы, жастардың зияткерлік әлеуеті және 2040 жылға дейінгі білім кеңістігінің өзгерісі туралы пікірталас өрбіді. Ашық форматтағы талқы студенттердің сыни ойлауын дамытуға және болашаққа саналы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Screenshot_50.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер