Елде жуғыш заттар өндірісі артты

image.png

2025 жылдың қаңтар–қараша айларында Қазақстанда жуғыш заттар өндірісі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4% артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Жалпы өндіріс көлемі 22,9 мың тонна.

Жуғыш заттар импорты да 22,4% өсті. Өткен жылдың 11 айында елге 214,4 мың тонна өнім импортталды, ал 2024 жылдың қаңтар–қараша айларында бұл көрсеткіш 175,1 мың тонна болған. Сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы 47,5%.

Сонымен қатар, жуғыш заттар экспорты 1,3% қысқарды. 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында 20,7 мың тонна өнім экспортталды.

Ішкі нарықта өткен жылдың 11 айында 410,2 мың тонна жуғыш зат сатылды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,4% көп. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер