Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласының орта арнаулы білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі – Шымкент қаласындағы Политехникалық колледжінде өткен экологиялық акция. Бұл шараның негізгі мақсаты жастардың экологиялық мәселелерге деген жауапкершілігін арттыру және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру болды.

Іс-шараның аясында студенттер экология мәселелерін талқылап, экологиялық жауапкершіліктің жеке адамға немесе мемлекетке жүктелетінін қарастырды. «Экологиялық мәселелер – бұл әр азаматтың жеке жауапкершілігі ме, әлде мемлекеттің міндеті ме?» деген тақырыпта өткен эко-дебаттың барысында студенттер экология саласындағы жауапкершілік пен міндеттемелерді нақты дәлелдермен талқылады.

Дебат барысында «Қолдау» тобы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекет басты рөл атқаруы тиіс деген пікір білдірді. Олар экологиялық заңдарды қабылдау, өнеркәсіптік бақылауды күшейту және қоқыс өңдеу жүйелерін дамыту мәселелерін көтеріп, осы мәселелердің мемлекеттің міндеті екендігін атап өтті.

Ал «Қарсы» тобы экологиялық мәдениет әр адамның жеке әрекеті болуы тиіс деген пікірде болды. Олар қоқысты сұрыптау, табиғи ресурстарды үнемдеу және еріктілер қозғалысына қатысу секілді шараларды қоғам өздігінен жүзеге асыра алатынын алға тартты. Студенттер халықаралық тәжірибе мен түрлі ұйымдардың жетістіктеріне де тоқталды.

Экология тақырыбында өткізілген тағы бір маңызды шара – «Табиғаттың жас қорғаушылары» биология бағытындағы ғылыми жобалар байқауы болды. Байқауға қатысушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғап, табиғатқа деген құрмет пен жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған жобаларын ұсынды. Бұл сайыс жастардың табиғатты қорғауға деген қызығушылығын күшейтті.

Шара барысында «Тазалық меннен басталады!» атты көркем сурет галереясы да ұйымдастырылды. Студенттер экология тақырыбындағы ойларын шығармашылық түрде көрсетіп, табиғатты қорғау мәселесіне өз көзқарастарын жеткізді. Бұл көрме жастардың экологиялық сана-сезімін арттыруға арналған маңызды құрал болып табылды.

Политехникалық колледжде өткен «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы экологиялық акция жастарды табиғатты құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық бастамаларға өз үлестерін қосуға шақырады. Мұндай іс-шаралар жастардың экологияға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
  • ШЫМКЕНТ: АКИМАТ И МЕДОРГАНИЗАЦИИ ЗАКЛЮЧИЛИ МЕМОРАНДУМЫ ПО СДЕРЖИВАНИЮ ЦЕН
  • Бейнеттің зейнеті. Мақтаарал ауданының экс-әкіміне «Құрмет» ордені тапсырылды
  • ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ НАЧАЛОСЬ СТРОИТЕЛЬСТВО КРУПНОГО ТЕПЛИЧНОГО КОМПЛЕКСА
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер