Департамент өкілдері және еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді

image.png

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттгінің Түркістан облысы бойынша департаментінің  ұжымы және «Еріктілер кеңесінің» мүшелері  «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында  тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Акция барысында қатысушылар қаланың көшелерін күл-қоқыстан тазалап, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысы бойынша департаментінің  ұжымы және «Еріктілер кеңесінің» мүшелері  қоршаған ортаны қорғауға, туған жерді таза ұстауға үлес қосып, көпшілікке үлгі көрсетті.

Осы ретте, осындай акциялар аясында жұмыстар «Еріктілер кеңесінің» мүшелерімен Департамент тарапынан тұрақты түрде жүргізілуде. 

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясының мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "адал адам – адал еңбек – адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. Бұл, президент атап өткендей,  уақытша емес, маңызды жоба жыл бойы жалғасын табатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды
  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер