Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді

image.png

XXXIV Халықаралық «Витебск-2025» эстрадалық ән орындаушылары байқауында Гран-при жүлдесі қазақстандық Алмагүл Батталиеваға бұйырды, деп хабарлайды kaz.inform.kz.

Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық фестивалінің жас орындаушыларға арналған беделді байқауында қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева жеңіске жетіп, Гран-при иегері атанды. Екі күнге созылған байқау қорытындысы бойынша ол 137 ұпай жинады. Финалда әнші жүрек тебірентерлік «Вечность» әнін орындап, көрермендердің қошеметіне және қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Бірінші орын беларусиялық Валерия Бернатовичке бұйырса, екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера бөлісті. Ал үшінші орынды ресейлік Эрик Ахметов пен қырғызстандық Рыскелді Сарбеков иеленді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • 90 мыңға жуық адам әлеуметтік желіде Жалпыұлттық коалиция бастамасын қолдады
  • Қырғызстан билігі Тергеу комитетін құруды жоспарлап отыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер