Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады

image.png

Қазақстаннан Қытайға жіберілетін 1500 киікті күтіп-бағуға қатысты отандық ғалымдары тиісті тексерулер жасай алады. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті деп хабарлайды Kazinform.

- Киіктерді басқа елдерге беру процесі халықаралық және ұлттық заңнамаларға сәйкес, бірқатар кешенді рәсімді талап етеді. Бұл процесс тек әкімшілік сипатта емес, сонымен қатар ғылыми негіздемелерге сүйенеді. Ең алдымен, екі тараптың – жіберуші және қабылдаушы елдердің ғылыми ұйымдары бұл процеске белсенді қатысуы керек. Қазақстан жағынан отандық ғалымдар киіктерді басқа елге жіберудің биологиялық негіздемесін әзірлеуі қажет, - делінген министрліктің хабарламасында.

Бұл негіздеме киіктердің популяциялық жағдайын, генетикалық әртүрлілігін, оларды тасымалдаудың ықтимал әсерлерін жан-жақты талдауды қамтиды.

- Өз кезегінде, киіктерді қабылдаушы ел оларды ары қарай ұстауға қолайлы жағдайлар жасауы тиіс. Бұл жағдайлар киіктердің табиғи мекендеу ортасына жақын болуы, олардың қоректенуіне, көбеюіне және аурулардан қорғалуына қажет инфрақұрылымды қамтуы керек. Қазақстандық тарап жіберілетін жануарлар үшін барлық қажет жағдайлардың жасалғанына көз жеткізу мақсатында тиісті тексерулер мен мониторинг жүргізуге құқылы. Бұл қадамдардың барлығы киіктердің сақталуын қамтамасыз етуге, олардың жаңа ортада сәтті бейімделуіне және халықаралық деңгейдегі табиғатты қорғау принциптеріне сәйкес келуіне бағытталған, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • 90 мыңға жуық адам әлеуметтік желіде Жалпыұлттық коалиция бастамасын қолдады
  • Қырғызстан билігі Тергеу комитетін құруды жоспарлап отыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер