Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады

image.png 

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды деп жазады ҚазАқпарат.

Заң ауыл тұрғындарының Қазақстанның жекелеген қызмет көрсетілмейтін және қызмет жеткіліксіз көрсетілетін аудандарында жоғары сапалы кең жолақты байланыс инфрақұрылымына қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.

- Жобаны іске асыру мерзімі – 2025-2027 жылдар. Болжам бойынша осы кезеңде жоғары жылдамдықты интернетке 1123 ауылды елді мекен қосылады. Жобаны іске асыру тең қаржыландыру есебінен қамтамасыз етіледі: 50 пайызы – Халықаралық қайта құру және даму банкінің 42 млрд теңге көлеміндегі қарыз қаражаты, қалған 50 пайызы – жеке серіктестердің бірлесіп қаржыландыруы. Жоба халықаралық стандарттарға сәйкес қатаң іске асырылатын болады. Бұл ретте, отандық байланыс операторлары арасында ашық конкурс өткізіледі, - деді сенатор Бибігүл Аққожина.

- Жағдай қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті көрсетіп отыр. Ауылды елді мекендердің төрттен бір бөлігі заманауи цифрлық байланыс технологияларымен қамтылмаған. Бұл олардың білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметтерге және экономикалық мүмкіндіктерге қол жеткізуін шектейді. Келісімді ратификациялау 1123 ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу есебінен қала мен ауылдық өңірлер арасындағы цифрлық алшақтықты қысқартуға, цифрлық инфрақұрылымды дамытудың арқасында өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді, - деді депутат.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер