Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды

image.png

Ақтау қаласы 29-шағын ауданда орналасқан «Abu Baby» балалар киім дүкенінің иесі балалар мерекесіне орай азық-түлік пен сыйлықтарды тегін таратамын деп айыппұл арқалады деп жазады rgmedia.kz тілшісі. Себебі мерекелік шараға тұрғындар көп жиналған. Мұның соңы тәртіпсіздікке ұласты. Адамдар бір-бірін қысып, тапталып қала жаздаған. Балалар адасып, қоғамдық тәртіп бұзылған.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкер аталған шараны жергілікті атқарушы органға алдын ала хабарламаған.

— Сондықтан дүкен иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-1 бабына сәйкес (қоғамдық іс-шараны хабарламай не келісім алмай өткізу) 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, — делінген хабарламада.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер