Бүгін елімізде алғаш рет "Кітап күні" аталып өтеді

image.png

Биыл елімізде алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні аталып өтіледі.  Бұл мереке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес енгізілді деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі. 

«Кітапқұмарлық – өте жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз де осы тәжірибені қолдануымыз керек. Ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз қажет. Сонда ғана жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деп Ұлттық кітап күні туралы 2023 жылғы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқудың маңызын ерекше атап өткен болатын.

Президенттің бұл бастамасы халық тарапынан кең қолдау тапты және елдің мәдени-рухани дамуы үшін маңызды қадам ретінде бағаланды.

Мемлекет басшысы айтқан ұсыныстың негізінде Үкімет 23 сәуірді Ұлттық кітап күні ретінде бекітті. Мереке 2024 жылғы 16 шілдеден бастап ресми түрде қолданысқа енгізілді. Бұл күн ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен сәйкес келеді.

Ұлттық кітап күні – Қазақстанда оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бұл мереке кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, ұлттың зияткерлік әлеуетін нығайтуға септігін тигізеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер