Қазақстанда жәрдемақы беру тәртібі өзгереді

image.png

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау тәртібі өзгереді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.

Жаңа ережеге сәйкес, АӘК алғысы келетін азаматтар өздерінің банк шоттарындағы ақшасы, шығындары, несиелері, микрокредиттері мен депозиттері туралы толық мәлімет ұсынуға міндетті болады. Бұл ақпарат тек азаматтың келісімімен ғана қаралады.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін өзгерту арқылы шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтарды анықтап, оларға нақты және әділ қолдау көрсету көзделіп отыр, – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік бұл өзгерістер АӘК-ті әділетті бөлуді, ашықтықты арттыруды және ресурстарды нақты мұқтаж жандарға бағыттауды көздейді. Қоғамдық талқылау 5 мамырға дейін жалғасады. Егер жоба қабылданса, жаңа ереже 2025 жылдың желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер