Танымал этнограф Болат Бопай өмірден өтті

image.png

Елімізге танымал  ғалым, этнограф, астролог  Болат Бопайұлы өмірден озды, деп хабарлайды RGmedia.kz. Қаралы хабарды журналист Біләл Қуаныш әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. "Қазақ Болат Бопайынан айырылды… Қайран ағам-ай!" - деп жазды ол.

Болат Бопайұлы 1960 жылы ҚХР Шынжаң өлкесі, Алтай аймағында дүниеге келген.  1978 -1981 жылдары Шынжаң "Дене тəрбие саңлағы" журналында жауапты редактор болып қызмет атқарды.

Әр жылдары Қазақ радиосында, Қазақстан телеарнасында редактор, сценарист қызметін атқарған. Қазақ этнографиясы тақырыбында 30-дан астам кітап жазған. 

Болат Бопайұлы елге оралған 30 жылда мектеп, колледж, университеттерде қазақ салт-дəстүрі тақырыбында лекция өткізген. Қазақстанда шығатын газет-журналдарда, барлық сайтта этнография тақырыбында жазған мыңға жуық ғылыми мақаласы жарық көрген.

ҚР «Мəдениет үздігі» төс белгісінің иегері, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы.

Оның соңында қазақ этнографиясына байланысты "Қазақ мінезі", "Қазақ кәдесі", "Қазақы түс жору", "Бастаудан бақиға дейін", "Қазақтың гүл мәдениеті", "Қазақ наурызнамасы", "Қазақ аспан есебі" сияқты оннан астам кітаптары қалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер