15 жастағы қызды өгей әкесі 38 жастағы ер адамға күйеуге берген

image.png

Қарағанды облысында кәмелет жасқа толмаған қызды өгей әкесі күштеп тұрмысқа берген. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының негізін қалаушы  Дина Таңсәрі өзінің Telegram-дағы арнасында жазды деп хабарлайды  RGmedia.kz тілшісі. 

"15 жастағы қызды өгей әкесі еркінен тыс 38 жастағы ер адамға "күйеуге берген". Қыздың ағасы бізге жүгінді: 5 күн бойы зорлық көрген қыз жүрек ауруымен ауыратын туған әкесіне қашып кете алған. Олар бірден арыз жазыпты", - деп жазды Дина Таңсәрі.

 Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Бұл қылмысқа қатысы бар барлық тұлға анықталып, тергелді. Тергеу аясында болған жайттың мән-жайын анықтау үшін қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201 бабына және тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды", - делінген   Қарағанды облысы ПД  баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер