Наурыздан бастап кейбір телефондарда WhatsApp істемейді

image.png

Наурыздан бастап WhatsApp мессенджері көптеген смартфондарда істемейді. Әзірлеушілер қандай телефондар енді мессенджерді көтере алмайтынын айтты. Бұл туралы rgmedia.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

WhatsApp-та жаңа өзгерістер пайда болады. Соның кесірінен жаңа функциялар мен жаңартуларды ескі операциялық жүйелер көтере алмайды. Енді WhatsApp-ты көтермейтін құрылғылар тізімінде iPhone-ның бірнеше ескі үлгілері, соның ішінде iPhone 6 және iPhone 6 Plus бар.

"IOS-тың бұрынғы нұсқалары бар модельдер WhatsApp-сыз қалады. 5 мамырда мессенджердің сол құрылғыларда қызметі тоқтайды. Қолданба қазір iOS 12 немесе одан кейінгі нұсқасы бар iPhone құрылғыларында жұмыс істейді. WhatsApp 15.1 нұсқасынан төмен iOS нұсқасы бар үлгілерде де жұмысын тоқтатады", – деп хабарлады Meta.

10 наурыздан бастап WhatsApp қай смартфондарда жұмысын тоқтатады:

- Samsung Galaxy S3;

- Samsung Galaxy Note 2;

- Motorola Moto G;

- HTC One X;

- LG Optimus G;

- Nexus 4;

- Sony Xperia.

Қолданбадағы ақпаратты сақтау үшін алдымен деректердің сақтық көшірмесін жасап, ақпаратты жаңа гаджетке тасымалдау керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер