Енді "Декретке миллионмен" шыққандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

image.png

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында  кейбір азаматтар заңнамалық олқылықтарды пайдаланып, әлеуметтік төлемдерді жасанды түрде арттыруға тырысқанын мәлімдеді деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі.  Министрдің айтуынша 2024 жылы 1,4 млн азаматқа 958 млрд теңге төленген. Жүктілік және босануға қатысты төлемдерге шектеу қойылмағандықтан, кей азаматтар табысын жасанды түрде көбейтіп, жоғары мөлшерде төлем алу үшін түрлі заңсыз схемаларға жүгінген.

"Бұл жүйеге адал қатысушылардың әлеуметтік аударымдарын қайта бөлуде әділетсіздікке әкеп соғады", – деді министр.

Осы жағдайға байланысты 113 әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Олардың заңсыз жолмен алған төлем сомасы 158,4 млн теңгені құраған. ұған қоса, 2024 жылдың қыркүйегінен бері 1,5 мыңға жуық азамат өз еркімен табысын жасанды түрде көбейткенін мойындап, мемлекетке 3,4 млрд теңгені қайтарған.

Министрлік бұл мәселені шешу үшін заңнамалық бастамалар топтамасын әзірлегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа реформалар алдағы 10 жылда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер