Шерзат Болаттың өлімі: тергеу аяқталды

image.png

Алматы облыстық полиция департаменті Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады. 

"Қылмыстық істің барлық материалдарымен тараптар танысты. Іс прокурорға сотқа жолдау үшін жіберілді. Қылмыстық істің көлемі 62 томды құрады. Онда жиналған барлық дәлелдемелер, сараптамалық қорытындылар, сұрақ-жауап хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар. Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді. Барлық кезеңде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді, - делінген хабарламада.

Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған. Барлық күдіктілердің айғақтарын оқиға орнында тексеру, беттестіру және қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеттері орындалды.

Қылмысқа қатысы бар барлық адамдарға құқықтық баға беру үшін 8 бейнематериал зерттелді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Жарты жылда 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алған https://kaz.inform.kz/news/zhar
  • Қырғызстаннан Алтайға қар барыстары жеткізілді
  • Марат Пашимов жаңа қызметке тағайындалды
  • Руслан Желдібай: «Бағанашыл» балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер