Имамға жала жапқан ер адам жазаға тартылды

image.png

Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін Б.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 73-3-бабының 2-бөлігі). Оған әлеуметтік желіде "Астана имамының зәулім үйі мен төрт әйелі бар" деп жалған ақпарат таратты деген айып тағылған болатын деп хабарлайды  Rgmedia.kz тілшісі.

"Тергеу барысында құқық бұзушы әлеуметтік желілерде зәулім үйдің бейнеролигін жариялап, оны халықтың қайырымдылыққа берген қаржысына салынғанын және Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін мәлімдегені анықталды. Бұл әрекеті арқылы ол жәбірленушінің ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқан", - делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындаған. Сондай-ақ видеода көрсетілген  үйдің нақты кімге тиесілі екенін және қандай қаражатқа салынғанын білмейтінін айтып, бұл әрекеті үшін өкінетінін айтқан. Айтуынша  бейнероликті тек қызығушылық үшін жариялаған. Жәбірленуші соттан өзін қаралаған адамды заң аясында жазалауды сұрады.

"Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК (707 760 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, - делінген хабарламада.

Айта кетейік,  сот жаза тағайындау барысында құқық бұзушының кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырып, шешім шығарған.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер