Қаңтар оқиғасы кезінде археологқа от атқан подполковник сотталды

image.png

Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің подполковнигі Айтжан Әубәкіровке Алматының әскери соты үкім шығарды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.  Бұл туралы  RGmedia.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Оған  қаңтар оқиғасы кезінде археолог Ерлан Жағыпаровқа оқ атты деген айып тағылған болатын.

Сот мәліметінше, Әубәкіров 2022 жылы 6 қаңтарда Алматы қаласында Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановқа оқ атқан. Сот барысында медициналық сараптама нәтижелері айтылды. 30-дан астам куәгер сұралды. 

Алматы горнизоны әскери соты Айтжан Әубәкіровты Қылмыстық кодекстің 451-бабы (Билігін асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп тапты. Осылайша ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ марқұмның отбасына 30 миллион теңге моральдық шығын өтейді.

Айта кетейік, Қаңтар оқиғасы кезінде 49 жастағы алматылық азаматтың денесі табылған. Кейіннен оның археолог Ерлан Жағыпаров екені белгілі болды. Жағыпаровтың туыстары оның 6 қаңтарда жоғалып кеткенін мәлімдеген. 12 қаңтар күні оның қайтыс болғанын білген. Ол қолына кісен салынған, аяусыз соққыға жығылған, жүрек тұсынан оқ атылған күйде табылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ШЫМКЕНТТЕ «ҚАРА ШАҢЫРАҚ»ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ӨНЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛІП, ӨҢІР РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАС
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 10 АЙДА 1,2 ТРЛН. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ЖАҢА ЗАУЫТТАР АШЫЛДЫ
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮ МАҚСАТЫНДА ІРІ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ САЛЫНУДА
  • В ДЖИДДЕ ПРОШЕЛ ЧЕМПИОНАТ АЗИИ СРЕДИ ЮНИОРОВ!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер