Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот үкімі шықты

image.png

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың ісі бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды  Rgmedia.kz тілшісі.

Сот шешімі бойынша Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Алматының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жабық тәртіпте қарады, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде жеке тұлғаларды қорлау, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Сотпен К.-ның осындай әрекеттерді мас күйде жасағаны анықталды. Сотта К. болған оқиғаның мән-жайы есінде жоқ деп түсіндірді. К. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Соттың қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Шаңырақ» шағын ауданындағы инфрақұрылым мәселелері талқыланды
  • Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды
  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер