Болат Мажағұлов сотталды

image.png

Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа және оның сыбайласына сот үкімі шықты деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі. 

Мажағұлов 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Екінші сотталушы Қанапин 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, Мажағұлов пен Қанапин 1 миллиард 86 миллион теңге көлемінде материалдық шығынды бірлесіп өтеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, Болат Мажағұлов былтыр күзде ұсталып, оған және мердігер ұйым өкілдеріне қатысты аса ірі көлемде, яғни бір миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған еді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер