«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды

image.png

Қор бағдарламасын іске асыруға тағы бір уәкілетті оператор қатысатын болды. Бұл туралы еліміздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлайды.

«Енді оқу төлеміне арналған нысаналы жинақ төлемдерін алу үшін «Отбасы банкі» «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан бөлек, жуырда бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры келісімшарт жасасқан «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на жүгінуге болады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатына төлемдерді алу үшін «Отбасы банкі» «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жалғыз уәкілетті оператор болып қалады»,- делінген қордың Instagram парақшасында.

Айта кетсек, биыл 1 қаңтардан бастап 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысушы болды.

Балаларға жыл сайын инвестициялық кірісті қоса алғанда, нысаналы талаптар түрінде «Ұлттық қордан» қаражат есептеледі. 18 жасқа толған атаулы жинақтарды алушылар немесе олардың заңды өкілдері уәкілетті операторлардың біріне хабарласып, қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге пайдалана алады.

Еске сала кетейік, биыл 1 қаңтарда «Ұлттық қор – балаларға» жобасы ресми іске қосылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жоба алғашында 7 миллионнан астам баланы қамтыды. Осы орайда Kazinform агенттігі 7 миллионнан астам баланың ата-анасына арнап, жобаның ең маңызды тұстарын тізіп шыққан еді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер