Су тасқыны: жаңа үйлер қай жерге салынады – вице-министр жауабы

image.png

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов тасқын салдарынан бүлінген үйлердің жаңа орнын арнайы комиссиялар анықтайтынын айтты.

«Бұған дейін тасқыннан зардап шеккендердің үйлері жаңадан салынатыны айтылды. Жаңа үйлер қайда салынады? Бұрынғы орнында бой көтерсе, бір жылдан кейін қайтадан су алмайтынына кім кепілдік береді?» - деп сұрады БАҚ өкілі.

Вице-министр бұл мәселе әлі пысықталып жатқанын мәлім етті.

«Сіз дұрыс айтып тұрсыз. Біз әр жағдайдан сабақ алуымыз керек. Бүгінгі таңда Үкімет деңгейінде жұмыс тобы құрылғанын білесіз. Қазір әкімдіктер өз деңгейінде де осындай комиссиялар құрды. Олар оқиға орындарын зерттеп, тексереді. Бір де бір адам назардан тыс қалмайды. Осы комиссиялар мен жұмыс топтары ақылдаса отырып, сараптай отырып жаңа үйлер қай жерге салынатынын шешеді. Біздің пайымдауымыз бойынша, ол үйлер, әрине, қауіпсіз тұстарда салыну керек», - деді Бауыржан Сыздықов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В ДЖИДДЕ ПРОШЕЛ ЧЕМПИОНАТ АЗИИ СРЕДИ ЮНИОРОВ!
  • Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
  • ШЫМКЕНТ: АКИМАТ И МЕДОРГАНИЗАЦИИ ЗАКЛЮЧИЛИ МЕМОРАНДУМЫ ПО СДЕРЖИВАНИЮ ЦЕН
  • Бейнеттің зейнеті. Мақтаарал ауданының экс-әкіміне «Құрмет» ордені тапсырылды
  • ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер