АҚШ-та ер адамға шошқаның бүйрегі салынды

image.png

АҚШ-та 62 жастағы ер адамға генетикалық түрлендірілген шошқаның бүйрегі салынды. Хабарланғандай, ол отадан соң қалпына келіп, жақын арада ауруханадан шыға алады. Бұл туралы деп ВВС жазды.  

Америкалық хирургтар мұндай жаңашыл отаға келісім берген Рик Слэйманды нағыз батыр деп атады. 

Осы уақытқа дейін шошқаның бүйрегін адамға трансплантациялаудың сынақ жағдайлары 2022 жылы болған. Ол кезде бүйрек миы өлген науқасқа салынған. 

Слэйманға 16 наурызда Бостондағы Massachusetts General ауруханасында төрт сағаттық ота жасалды. 

Аурухана қызметкерлері отаның сәтті өткенін айтты. Адамның донорлық органдары мұқтаж адамдардың барлығына жеткіліксіз, сондықтан пациенттер трансплантация мүмкіндігін ұзақ күтеді.

Ғалымдар жануарлардың, ең алдымен шошқалардың өзгертілген мүшелерін адамдарға трансплантациялау донорлық органдардың созылмалы тапшылығын жеңілдетеді деп үміттенеді. Бүйректен басқа, шошқа жүрегін трансплантациялау тәжірибесі бар. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В ДЖИДДЕ ПРОШЕЛ ЧЕМПИОНАТ АЗИИ СРЕДИ ЮНИОРОВ!
  • Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
  • ШЫМКЕНТ: АКИМАТ И МЕДОРГАНИЗАЦИИ ЗАКЛЮЧИЛИ МЕМОРАНДУМЫ ПО СДЕРЖИВАНИЮ ЦЕН
  • Бейнеттің зейнеті. Мақтаарал ауданының экс-әкіміне «Құрмет» ордені тапсырылды
  • ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер