Ирак Елекеевтің ұлы Kazakh Invest басқарма төрағасы болып тағайындалды

image.png

Директорлар кеңесінің шешімімен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Ержан Иракұлы Елекеев тағайындалды.

Ержан Елекеев 1986 жылы туған.

Қазақстан Республикасының азаматы.

Қазақстан-Британ техникалық университетін «менеджмент» мамандығы бойынша және Глазго университетін қаржы экономикасы саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесімен бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазМұнайГаз» «Барлау Өндіру» АҚ инвесторлармен байланыс департаментінің талдаушысы ретінде бастаған.

2012-2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ-да әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2019-2020 жылдары Әзербайжандағы «Boston Consulting Group» халықаралық компаниясында жобалық басқару бағытының басшысы болып жұмыс істеді.

2020-2021 жылдары Елекеев мырза ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар орталығының талдау тобы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылы «Альфа-Банк Қазақстан» АҚ-ға жобалық кеңсенің директоры болып келді.

2022 жылдың қараша айынан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ активтерді басқару және жобалармен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер