Қазақстанда енді молдалардың бәрі уағыз айта алмайды

image.png

Қазақстанда енді құран ұстап, таспих тартқандардың барлығы уағыз айта алмайды. Діни басқарма дүмше молдаларды анықтап, бұл құзіретті тек сүзгіден өткеніне ғана береді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. 

Астанада өткен алғашқы уағызшылар форумында Бас мүфти жамағатқа адал мен арамның ара жігін ажыратып, жалпақ жұртқа уағыз айтатын молдалардың тұғырнамасын бекітті. Мұндағы басты мақсат — елді адастырып теріс жолға бағыттаған діни қызметкерлердің, уағызшылардың ізін кесу дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ал әлеуметтік желіде "домбыра — харам", "салт-дәстүрден алшақ жүрейік" деп кеуде соққандармен діни басқарма түсіндірме жүргізіп жатыр.

"Аллаға шүкір, біздің елден, біздің топырақтан әлемге әйгілі үлкен дін ғалымдары шыққан. Осы ата-бабамыздың еңбегінің арқасында қазіргі дәстүрлі ислам мен ұлт құндылықтары сабақтасып кеткен. Сондықтан ата-баба жолынан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді сақтап қалу мақсат”, – дейді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында ер адамның балаларға діннен ақылы сабақ беріп, оларды ұрып-соққаны туралы жазған едік.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер