Қызылордада тоғызыншы сынып оқушысы алты жасар қызды зорлады деп айыпталды

image.png

Қызылордада 6 жасар қызды зорлау дерегі бойынша іс тіркелген. Күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

9-сынып оқушысы 6 жасар қызды зорлаған. Зардап шеккен бала қазір ауруханада жатыр. Ал 16 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынған. 

“Осы дерек бойынша Қызылорда қаласы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді”, – деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қасанов Айдар Демегенұлы.

Балалар оқитын мектеп белгілі болғанымен, аты аталмайды. Облыстық білім басқармасы оқиғаны бақылауға алғанын мәлімдеді. 

Бұған дейін мәжілістегі заң жобасы таныстырылымы кезінде депутат Елнұр Бейсенбаев енді педофилдерге қатаң жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалатынын айтып, бірақ заң жобасында химиялық кастрация қарастырылмағанына наразылығын білдірген еді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер