Тоқаев Дубай билеушісін Қазақстанға шақырды

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид әл Мактуммен кездесті- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсеткені үшін шейх Мұхаммед бен Рашид әл Мактумға алғыс айтып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары аясында нәтижелі келіссөздер жүргізілгенін және екі ел арасында маңызды екіжақты келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы Әмірліктердің басты қаржы институттарымен қарым-қатынас орнатқанына тоқталып, екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты жандандыру мәселесіне назар аударды.

Өз кезегінде шейх Мұхаммед бен Рашид әл Мактум Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Шейх Мұхаммед бен Рашид әл Мактум Президенттің шақыруын қабыл алып, Қазақстанға сапар шегу зор мәртебе екенін айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазақы тазы» тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті
  • Cостоялись охотничьи испытания для национальной породы «Казахский тазы»
  • Президент Қазақстанның АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады
  • Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты
  • Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлес
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер