ЖЭС басшыларының жауапкершілігін арттыру мәселелері қарастырылады - сенатор

image.png

Жылу электр станциялары басшыларының жауапкершілігін арттыру мәселелері қарастырылады. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарованың Шымкент қаласындағы «Энергоорталық-3» АҚ жұмысымен танысуы барысында айтылды, деп хабарлайды Палатаның баспасөз қызметі.

Компания өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын 1981 жылы салынған. Оның негізгі жабдықтары 61,5 пайызға дейін тозып кеткен. Биыл электр станциясының негізгі және қосалқы жабдықтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.

Сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, еліміздің бірқатар жылу электр станцияларында болған ауыр апаттарды және жылу беру маусымында авариялық жағдайлар мен техникалық ақауларды алдын алудың маңыздылығына ЖЭО басшылығының ерекше назарын аударды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша энергия өндіруші компанияларға ауқымды технологиялық сараптама жүргізілді және шаралар жоспары белгіленді. Алдағы уақытта электр станциялары басшыларының жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылатын болады», - деді Айгүл Қапбарова.

Сондай-ақ, сенаторлар «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің құрылыс барысымен және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске қосылған «Атамекен» медициналық орталығының жұмысымен де танысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КазАТИУ им.С.Сейфуллина впервые вошел в международный предметный рейтинг
  • С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ алғаш рет халықаралық пәндік рейтингіне енді
  • Мыңбұлақ тұрғындары Наурызды ерекше атап өтті
  • “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен волейболдан турнир өтті
  • Тоқаев Түркістанда зиялы қауым өкілдерімен және өңір белсенділерімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер