Ысқақ баб кесенесінің туристік кешенге айналар күні алыс емес

Screenshot_3.jpg

Жақында Созақ ауданындағы Ысқақ баб кесенесінің жай-күйімен танысуға Қазақстан Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай, Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Бахадыр Айтай, Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының жанындағы Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың директоры Жандос Керімұлы, облыстық Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы және тағы бірқатар қаламгерлер мен журналистер енген арнайы экспедициялық топ барды.

Ысқақ баб кесененің шырақшысы Әнуар Ахметұлы мұнда зиярат етіп келушілер саны көп екенін айтады. Себебі бұл кесененің адам жанына берер шарапаты мен дәтке қуаты мол. Келген зияратшылар кесене аумағына кіргеннен-ақ бойлары жеңілдеп, жандары жай табатын көрінеді. 

Шырақшының айтуынша, Баба ата (Ысқақ баб) Түркістан өлкесіндегі беделді дін иелерінің бірі болған. Оның қабірінің басындағы құлаған көне мазарының орнына ХІХ ғасырда жаңа кесене салынған. Жалпы көлемі – 21х13 метр. Төбесі екі күмбезді кірпіштен өріліп жабылған. Ішкі бөлмелері гипспен сыланып,  қабырғасы михрабпен безендірілген. Ғұламалығымен бүкіл елді аузына қаратқан Ысқақ баб әулиелердің сұлтаны атанған Құл Қожа Ахмет Ясауидің сегізінші бабасы.

Сан ғасырлық тарихын ішіне бүгін жатқан Бабата кентінде қазір мыңнан астам тұрғын тіршілік етеді. Шырақшының айтуынша, мұнда алыс-жақыннан келетіндердің легі қысы-жазы толастаған емес. Сондықтан тиісті ұйымдар тарапынан аталған орынды туристік кешенге айналдыруға жағдай жасап, материалдық-техникалық базасын жақсарту шаралары іске асырылса дейді. 

Облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай кесененің жай-күйімен танысып, шырақшының ұсыныстарын тыңдап, қордаланған мәселені тиісті орындарға жеткізіп, мәселенің оң шешілуіне ықпал етуге күшін салатынын мәлімдеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер