Полицейлер есірткі сақтаған егде жастағы ер адамды анықтады

Screenshot_4.jpg

Есірткі қылмысымен күресу мақсатында  полиция қызметкерлері күнделікті жұмыстарды атқарады.

Мәселен  Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның есірткі затына ұқсас өсімдікті сақтап жүргенін анықтады.

Полицейлер күдіктіні тінту кезінде қағаз орамына оралған есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдікті тәркілеп алды. Аталған өсімдікті айғақты зат ретінде алып, сараптама тағайындады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен,сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді.

Сараптама қорытындысына сәйкес ол  салмағы  5 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер