Полицейлер жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Screenshot_6.jpg

Жаз маусымы басталса, жасөспірімдердің суға түсетіндері белгілі. Алайда олардың ішінде судағы қауіпсіздікті сақтамайтындары да кездесіп жатады.

Осы тұрғыда Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері профилактикалық рейдтік іс-шаралар атқарды. Шараның мақсаты - жасөспірімдердің суға түсуге тыйым салынған аймақтарда келеңсіз оқиғалардың алдын алу. Шара барысында аудан тұрғындарына суға түсуге болмайтын аймақтарға балаларды жібермеу, оларды қадағалау керектігі айтылды. Тәртіп сақшылары ата-аналарға осындай құқық бұзушылық орын алған жағдайда әкімшілік шара көрілетіндігін ескертті.

Сонымен қатар жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады. Сондықтан әрбіріміз үшін судағы қауіпсіздікті сақтау маңызды.

Полиция қызметкерлері жасөпірімдерге ата-ананың қарауынсыз шомылуға арналмаған жерлерде шомылуға болмайтындығын ескертеді. Сонымен қатар, жүзуді білмейтін балаларды суға арнайы құралдарсыз (шеңберлер, жеңдер, матрастар) жібермеуге кеңес береді.

Өзіңіздің және өзгенің өмірі үшін сақ болайық!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазгидромет: Аптап ыстық болады
  • Отбасының кірісі мен шығысы есептеледі: АӘК жаңа тәртіппен тағайындалады
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында қарсы алды
  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер