Түркістандық полицейлер мереке қарсаңында өнерлі балалардың өнерін тамашалады

Screenshot_6.jpg

Егемен еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы негіздерінің бірі – Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Ішкі істер органдарының қызметкерлері ел саясатының қолдаушысы, халқының қамқоршысы болып саналады. Олар қауіпсіздікті ойлап қана қоймай, түрлі шараларда белсенді. Үнемі халықтың шын жанашыры. Полицейлер игі іс-шараларды ұйымдастыруда да өздерінің қамқоршы екендіктерін көрсете білді.

Мәселен, Түркістан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «1 маусым – Балаларды қорғау күні» мерекесін ерекше атап өтті. Олар балаларды Керуен сарай көп функционалдық туристік кешеніне шақырып, саяхат ұйымдастырды.  Шара кезінде өнерлі балалар өздерін жан-жақты көрсетті. Олар жеке әндер шырқап, хормен ән айтып, домбырамен күй тартты. Полицейлер балалардың өнерлеріне дән риза болды.

Шара соңында тәртіп сақшылары балаларды мерекемен құттықтап, оларға ізгі тілектерін білдірді: «Құрметті балалар, достар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!» - деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер