Полицейлер тұрғын үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Screenshot_8.jpg

Ордабасы ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша күндізгі сағат 12:00 шамасында өзінің тұрғын үйіндегі шкафтың ішінен алтын бұйымдар мен құны 285 000 теңге тұратын самсунг маркалы ноутбугын белгісіз біреудің ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 324 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Полицейлер күдіктіні анықтауға арналған барлық шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдікті анықталып, оның Сайрам ауданының тұрғыны екені белгілі болды.

Күдікті үйде ешкімнің болмағандығын пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Ұрлаған мүліктерді сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Сонымен қатар күдікті азаматтың бұған дейін де бірнеше рет сотты болғандығы айқындалды. Ол Сайрам аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу туралы жазаға тартылған. Қазіргі таңда жауапкершілікке тартылғанына қарамастан қайта қылмысқа барған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Егер де, сіз, ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер