Кәмелет жасына толмаған жоғалған қызды тапқан полицейлер алғысқа бөленді

Screenshot_3.jpg

Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Арызданушы әйелдің айтуынша, оның денсаулығында ақауы бар кәмелет жасына толмаған қызы күндізгі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Аталған жайтты тіркеген полицейлер, бірден жасөспірім қызды табуға кірісті.

Яғни көрген-білгендерден сұрастырып, жасөспірімнің баруы мүмкін жерлерді қарап шықты.  Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде,  жоғалған қыздың жүрген жері анықталды. 17 жасар қызды полицейлер 1 тәуліктен соң ауданнан 20 шақырым жерде орналасқан Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам ауылынан тауып, отбасына қайтарды. Анасының айтуынша жасөспірім қыз бұған дейін де үйінен шығып кетіп жүрген.

Өз кезегінде жоғалған қыздың анасы қызын аман-есен тауып бергені үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді: «Қызымды полиция қызметкерлері жедел түрде, аман-есен тауып берді. Олардың тиянақты жұмысы мен ұқыптылығының арқасында қызым 1 тәулікте табылды. Осы істе белсенділік көрсеткен сайрамдық полицейлерге өз тарапымнан алғысым шексіз» - деді анасы.

Адам жоғалудың әрбір жайты полиция қызметкерлері үшін үлкен ыждахаттылықты жүктейді. Олар істі ашу үшін барлық шараларды атқарып, көрген-білгендерден жауап алып, баруы мүмкін жерлер қаралады. Жақындарынан түсінік алынып, нәтижелі жұмыс атқарады. Осындай қиындығы мен жауапкершілігі мол жұмыс атқаратын полиция қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер