Мемлекеттік органның ішінде этикалық нормаларды түсіндіру бойынша семинар

Ағымдағы жылдың 13 мамырда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінде (бұдан әрі - Департамент) Департамент басшысы төрағалығымен мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексі бойынша Департамент қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді, онда өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында сақталуы тиіс Департамент қызметкерлерінің моральдық қасиеттері мен міндеттемелері қарастырылды.

«Этика нормаларын сақтау - мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеті» қағидатын негізге ала отырып, семинарда мемлекеттік қызметтің мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесі, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынас және мемлекеттік қызметшілердің әдепке сай емес мінез-құлқының алдын алу сияқты көптеген аспектілері қозғалды.

Департамент басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне ерекше назар аударды.

Бұл Кодексте мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды деп көрсетілген.

Осыған байланысты департамент басшысы өзінің барлық күшін, білімі мен тәжірибесін жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсауды, өз Отаны – Қазақстан Республикасына адал қызмет етуді және мемлекеттік қызметшінің әдебі мен имиджінің бұзылуына жол бермеуді ұсынды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер