Полицейлер алаяқтық жасаған жас қызды анықтады

Screenshot_8.jpg

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті 2 бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуынша, өздерінің танысы «Даму» атты кәсіпкерлікті қолдау орталығынан ақша алып беремін деп, жәбірленушінің біріншісінен 260 000 теңге, екінші жәбірленушіден 2 950 000 теңгесін алған. Екі жәбірленушіге келген шығын көлемі 3 210 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған жұмыстарды атқарды. Полицейлердің атқарған жедел шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын жас қыз ұсталды. Күдікті алған ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Ол берген уәдесінде тұрмай, не жәбірленушілердің ақшасын қайтармай әуре-сарсаңға салған. Жәбірленушілер ақшасын қайтару мақсатында полиция қызметкерлеріне шағым түсірген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарға кез келген адамға сенбеуге кеңес береді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер